05 ақпан 2025 жыл

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №1 «Өркен» арнайы мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымға конкурс жариялайды:

Тәрбиеші - 1,0 бірлік жүктеме (тұрақты)

1.Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе "Арнайы педагогика" қосымша білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

2.Лауазымдық міндеттері: Баланың жеке тұлғасының даму мақсатында баланың жеке қабілеттерін, бейімділігі мен қызығушылығын зерделейді, оның негізінде психологтардың кеңесімен түзете - дамытушылық жұмысты (топпен және жеке) жоспарлайды және жүргізеді.

Әлеуметтік және еңбекке бейімдеу, әлеуметтік - психологиялық оңалту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, күнделікті жұмыс жүргізеді.

Пайдалы қоғамдық еңбекке қатысу, үй жұмыстарын, күн тәртібін ұйымдастырады.

Білім алуға көмектеседі, бос уақыттарын ұйымдастыру мен қосымша білім алуды ұйымдастырады.

Тәрбиеші 3 - 4 деңгейдегі тәрбиеленушінің сынып ортасына тәрбиелеуге, бейімделуіне жағдай етеді және дамытады, тәртіп сақтауда дағды қалыптастыруға көмектеседі;

Тәрбиеленушілердің күн тәртібін сақтауды, олардың үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуын ұйымдастырады.

Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбиелік жұмыс жүргізеді.

Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып өз - өзіне қызмет жасауға, жеке гигиеналық тазалықты сақтауды ұйымдастырады. Сабаққа өткізу дәптерін жүргізеді, тәрбиеленушіге бақылау жүргізеді, бақылау күнделігіне тиісті жазбалар жазады.

Медицина қызметкерлермен бірлесе отырып, тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психологиялық жетілуін қалыптастыратын іс - шаралар ұйымдастырады, баланың мекемеде болу мерзіміне дейін денсаулығына жауап береді. Дәрігерлік тексеріс алдындағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.

Тәрбиеленушінің сабаққа күнделікті қатысуын, үлгерімін, күнделікті тексеруді ұйымдастырады, әкімшілікке уақытында ақпарат беріп отырады. Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) ата - аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен қарым - қатынаста болады.

Тәрбиеленушілердің денсаулықтарын нығайту және сақтау бойынша медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етеді, психикалық және дене дамуына септігін тигізетін іс - шаралар жүргізеді, баланың мекемеде болу мерзіміне дейін денсаулықтарына жауап береді.

Топқа бекітілген арнайы құралдарға, оқу - әдістемелерге, оқулықтарға, ойыншықтарға, арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтайды және бағалау жүргізеді, оған қажетті жағдайлар құрады, баланың арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтауға талдау жасайды.

Тәрбиешінің тәрбиеленушілерді өз еркімен үйіне, болмаса интернаттан тыс жерге жіберуге құқығы жоқ. Өз бетімен рұқсатсыз кетіп қалған тәрбиеленуші үшін дербес жауапкершілікте болады, оның интернатқа оралуы үшін тез арада тиісті шаралар қолдануы тиіс. Уақытша жоқ тәрбиешілерді әкімшіліктің бұйрығымен ауыстырады.Тәрбиеші көмекшісінің жұмысын басқарады.

Білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзінің кәсіптік шеберлігін, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға, бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге, педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата - аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар - намысы мен қадір - қасиетін құрметтеуге міндетті;

Білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға, өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.

Ақпараттық - коммуникациялық құзыреттілікті, компьютерлік коммуникативтік құзыреттілікті меңгергеруге тиісті.

Түнгі тәрбиешілер: баланың сырқаттануы кезінде кезекші медбикеге жағдайды хабарлап, көмек көрсету, керекті жағдайда жедел жәрдем шақыру және әкімшілік тарапына хабарлауы тиіс; тәрбиешілерге түнгі кезекшілікте балаларды қараусыз қалдыруға және ұйықтауға қатаң тыйым салынады.

Төсек - орын, ақ жаймаларының және сүлгілердің уақтылы ауыстырылуын қадағалау;

Тәрбиеленушілердің ертеңгілік жаттығуларын жасатады және таңғы астарын тамақтандыруға көмектеседі және оларды сабаққа өткізу дәптерін жүргізеді. Оқушыларды сабаққа дайындап, олардың сырт көрінісіне мән береді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнайы педагогиканы, психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика, қаржы - шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы, санитарлық ережелер мен нормалар.

Жалақысы: 100000 - 120000 теңгені құрайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай - ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез - құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен
бекітілген 1718 - қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.02.2025 жыл –14.02.2025 жыл

Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады:

Дүйсенбі - жұма

сағат: 09:00 - 18:00 дейін

Тараз қаласы, «Аса» мөлтек ауданы, 46 үй

Анықтама алу үшін байланыс телефондары:

87262348610

87026642818

Байланыс үшін электрондық почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.